«Ақын Сара атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақын Сара атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Анықтама
Іс- шараның атауы: Мектеп түлектерініңИДН , прокуратура, полиция қызметкерлерімен кездесуі
Мақсаты:
- 9-11 сынып оқушыларына кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін түсіндіру
- заңның сақталуының маңыздылығы
- құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік
- ерте жастан құқықтық мәдениетті қалыптастыру
Мазмұны: 7 сәуір күні «Ақын Сара атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9-11 сынып оқушыларымен Сарқан ауданы Полиция бөлімшесінің полиция капитаны Тұрғанғалиева Айжан Сағынтаевна мен, Сарқан ауданы прокуратурасының прокуроры Тайхар Назым Махмұтқызы мен , Сарқан ауданы Полиция бөлімшесінің полиция қызметкері Жанибеков Дидар Кыдыргалиевичпен «Құқық бұзушылықты болдырмау, қылмысты алдын алу» айлық аясында ішкі істер органдарының қызметкерлері кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында кәсіби бағдар беру мен профилактикалық жұмыс жүргізді.
Кешкі уакытта мопет, скутер, электроды велосипедтермен көшеде арнайы құжаттары болмаса жүруге болмайтынын айтты. Егерде еш құжатсыз немесе рұқсатсыз скутерді оқушы жүргізіп шықса, онда үлкен көлемде штраф төлеу керек екенін ескертті.
Оқушыларға қызметке орналасу талаптары, қызмет өткеру тәртібі, кәсіби және мансаптық өсу мүмкіндіктері, сондай-ақ әлеуметтік қолдау шаралары түсіндірілді. Сондай-ақ кездесуде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткі қылмысына, киберқылмыс пен интернет-алаяқтыққа қарсы тұру, деструктивті ағымдарға тартудың қауіптілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кешке уақытта оқушыларға ата аналарсыз көшеде жүруге болмайтынын айтты.
Сонымен қатар құқыққа қайшы жағдайлар туындаған кезде әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауына және ішкі істер органдарындағы қызметке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Қорытынды:Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық бұзушылықтың алдын алу — мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, барлық меншік нысанындағы ұйымдар және Қазақстан Республикасының азаматтары жүзеге асыратын, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқықтық тәртіпті сақтауға және күшейтуге бағытталған құқықтық, әлеуметтік, экономикалық ұйымдастырушылық іс-шаралар болып табылады.

