Ата – аналар жиналысы
Ата – аналар жиналысы
«Ақын Сара атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 8 сәуір 2026 жылы 9-11 cынып ата аналары арасында жиналыс болып өтті.
Күн тәртібінде : Оқу жылының аяқталуы. Қорытынды аттестаттаудың жүргізілуі, ақша жинауға тыйым салу, кәсіптік бағдар беру, емтиханға дайындық кезіндегі ата-ананаң қолдауы айтылды. Сөз кезегін ДОІЖО – А.С.Блискельдинова алып: оқушылардың тапсыратын мемлекеттік емтихандарының уақытын және ережелерімен, емтиханға дайындық сабақтарымен таныстырды. Мектеп бітіру кешіне , қоштасу уақытына ақша жинауға болмайтынын және жинаған уақытта штраф төлеу керек болатынын айтты. Емтиханға екі ай бұрын дайындық қосымша сабақтар ұйымдастырылатыны жайында ескертті. Қосымша сабаққа оқушылар міндетті түрде қатысуы тиіс. Ата аналар өз тараптарынан қолдау көрсетуі керек екенін ескерді.
Мектеп бітіретін түлектерге кәсіптік бағдар беру педагогы өздерінің таңдаған пәндері бойынша барынша мәліметтер берілді. Қандай платформаларды көру керек, қандай сайтпен жұмыс жасау керек екендігін. 2025 жылдық статистикасымен гранттар жайлы айтылды.Ескертілген жағдайлар: Мектеп психологы-А.Стамбекова
Баланың жеке басын құрметтеңіз. Өз әрекеттеріңізде озбырлыққа жол бермеңіз.
Тиісті өзін-өзі бағалауды қалыптастырыңыз. Баланы отбасының нақты істерімен таныстырыңыз. Оған қажетті үй тапсырмаларын орындауды талап етіңіз. Баланың ерік-жігерін дамыту. Балалардың жасына сәйкес үй іс-шараларына қатысуын қамтамасыз етіңіз. ҰБТ, Емтихандар кезінде көбірек қолдау қажет.






