Мектеп түлектерінің университет мамандарымен кездесуі
Іс- шараның атауы: Мектеп түлектерінің университет мамандарымен кездесуі
Мақсаты: 11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру, болашақ мамандықты дұрыс таңдауына бағыт- бағдар беру.
Мазмұны: 6 сәуір күні №1мектеп лицейінде жоғары оқу орны өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Яссауи Университетінің мамандары 11 сынып оқушыларымен арнайы жүздесіп, оқу орындарының мамандықтары, білім беру бағдарламалары және гранттық мүмкіндіктері жайлы жан жақты мәлімет берді.
Кездесу барысында оқушылар:
- Университетке түсу жолдары;
- ҰБТ нәтижесімен қай мамандықтарға грант алуға болатынын, оқу үлгерімі бойынша Мемлекеттік және Түркия грантын алуға болатынын;
- Әлеуметтік жеңілдіктер, жазғы мектеп, Түркия Республикасының 500 білім квотасын
- 100 Яссауи олимпиадасы Түрік квотасын
- Туркия қалаларына бір айға тегін туристік сапар жайында
- 140 университетпен және ұйыммен халықаралық байланыстарын
- Жылына 300 универ арасында іс шараларға қатысу
- Екінші жоғары білім , екі бірдей мемлекеттің қос дипломы, шығармашылық емтихандар, ақылы бөлім жайлы;
- Жатақхана, шәкіртақы, оқу ақысы туралы толық ақпарат алды. Сонымен қатар, университет өкілдері өз ерекшеліктері мен артықшылықтарын айтып, оқушыларды өз университтеттеріне шақырды.
Қорытынды: Бұл кездесу түлектерге болашақ мамандығын дұрыс таңдауға, кәсіби бағдар алуға, оқу орындарын салыстырып көруге, мақсат қоюға үлкен әсер етті. Түлектер үшін пайдалы, әрі мотивациялық кездесу болды.
Кәсіптік бағдар беру педагогы: А.Иманалиқызы


