Мектеп оқушыларымен ИДН , прокуратура, полиция қызметкерлерімен кездесуі » Жетісу облысы Сарқан ауданы Ақын Сара атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ақын Сара атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп оқушыларымен ИДН , прокуратура, полиция қызметкерлерімен кездесуі
16
апрель
2026

Мектеп оқушыларымен ИДН , прокуратура, полиция қызметкерлерімен кездесуі

Анықтама

Іс- шараның атауы: Мектеп оқушыларыменИДН , прокуратура,  полиция қызметкерлерімен кездесуі

Мақсаты: 

  • 6-8 сынып оқушыларына  кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелерін түсіндіру
  •  заңның сақталуының маңыздылығы
  •  құқыққа қайшы әрекеттер үшін жауапкершілік
  • ерте жастан құқықтық мәдениетті қалыптастыру 

Мазмұны: 9 сәуір күні «Ақын Сара атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 6-8 сынып оқушыларымен Сарқан ауданы  Полиция бөлімшесінің  полиция капитаны Тұрғанғалиева Айжан Сағынтаевна мен, Сарқан ауданы прокуратурасының  прокуроры Тайхар Назым Махмұтқызы мен , Сарқан ауданы  Полиция бөлімшесінің  полиция қызметкері Жанибеков Дидар Кыдыргалиевичпен «Құқық бұзушылықты болдырмау, қылмысты алдын алу» айлық аясында ішкі істер органдарының қызметкерлері  кездесу ұйымдастырды.

           Кездесу барысында кәсіби бағдар беру мен профилактикалық жұмыс  жүргізді.

 Кешкі уакытта мопет, скутер, электроды велосипедтермен көшеде арнайы құжаттары болмаса жүруге болмайтынын айтты. Егерде еш құжатсыз немесе рұқсатсыз скутерді оқушы жүргізіп шықса,  онда үлкен көлемде штраф төлеу керек екенін ескертті.

                      Cондай-ақ кездесуде жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, есірткі қылмысына, киберқылмыс пен интернет-алаяқтыққа қарсы тұру, деструктивті ағымдарға тартудың қауіптілігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кешке уақытта оқушыларға ата аналарсыз көшеде жүруге болмайтынын айтты.

     Сонымен қатар құқыққа қайшы жағдайлар туындаған кезде әрекет ету алгоритмдері түсіндірілді. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауына және ішкі істер органдарындағы қызметке деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

Қорытынды:Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. 

Оқушылар өз тараптарынан сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.

Іс-шара соңында Сарқан қаласы бойынша полиция қызметкерлерінің атсалысуымен «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» тақырып аясында жүргізілген рейдтер туралы айтылды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив