Хаттама №2 » Жетісу облысы Сарқан ауданы Ақын Сара атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ақын Сара атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
январь
2023

Хаттама №2

Хаттама №2


Ақын Сара атындағы орта мектеп                               4 қаңтар 2023 жыл


Жалпы қатысқандар саны – 7


Мектеп директоры                                                                    Н.Есенгулова

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы                                       С.Ералина

Ата-ана комитетінің төрайымы                                            Ұ.Хубиева

Асхананы жалға алушы                                                            Г.Клышпаева

Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі                                 Е.Жасакбаев

Мектеп медбикесі                                                                      А.Дүнчебаева

Әлеуметтік педагог, хатшы                                                       М.Дюсембек


Күн тәртібінде:


  1. Асхана жұмыстарын жүргізу барысында «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан тегін ыстық тамақ ішетін оқушылардың 2022 жылғы желтоқсан айындағы инфляцияның жоғарлануына байланысты 2023 жылдың қаңтар айынан бастап тегін тамақ құнын көтеру туралы.


Сөйлейді бірінші мәселе бойынша: Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Е.Жасақбаев.

         Асхана жұмыстарын жүргізу барысында «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан тегін ыстық тамақ ішетін оқушылардың 2023 жылғы инфляцияның өзгкруіне байланысты тамақ құнын көтеру туралы Асхананы жалға алушы Кылышпаева Г.С. мектеп директорының атына өтініш келіп түскен еді, сол өтініш негізінде 598 бұйрық 31 қазан 2018 жылы тіркелген 14 желтоқсан 2018 жылы №17948.    80. Шарт тиісті қаржы жылына аталған міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда, жекелей шарт жасасу арқылы келесі қаржы жылдарына екі рет ұзартылады. 

         Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту шарттың қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына арналған көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

         Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтанумен қамтамасыз етілетін тәрбиеленушілер білім алушылардың саны өзгерген жағдайда шартқа өзгерістер енгізіледі.

         Қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына бағаның өзгеруі бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу ағымдағы кезеңге арналған инфляция деңгейіне сәйкес және мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілетін қызметтерге (1 білім алушыға арналған) және (немесе) тауарларға орташа баға шегінде жүзеге асырылады.

         Көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ағымдағы қаржы жылына арналған қолданыстағы шартқа конкурстық рәсімдер өткізілместен және (немесе) толықтырулар енгізіледі делінген деп тоқталып өтті. 

         АСТАНА.КАЗИНФОРМ хабарлауынша 2022 жылдың желтоқсан айында Ұлттық банктің төреғасы Пирматов Ғалымжан брифингте осылай деген еді. Барлық сценарийлер бойынша инфляция 2023 жылы 7,5-9,5% деңгейінде, 2024жылы  – 4-5% деңгейінде, кейін 2025-2027 жылдары 3-4%-ға дейін төмендеуімен анықталады.

         Министрдің айтуынша, бюджетті жоспарлаудың негізі ретінде базалық сценарийді пайдалану ұсынылады. Бұл сценарий бойынша нақты ЖІӨ өсімі 2023 жылғы 4%-дан 2027 4,2%-ға дейін жеделдетіледі. Атаулы ЖІӨ 120,7 трлн теңгеден 177 трлн теңгеге дейін өседі. Экономиканың барлық базалық секторларында оң өсім күтілуде. Осылайша, орташа жылдық өсу қарқыны 3,1% оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде - 3,5%, тау-кен өнеркәсібінде - 2,9% болады. Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің орташа жылдық өсімі 3,9%-ды құрайды. Құрылыс индустриясының болжамды өсімі орташа есеппен 3,8%, сауда – 5,7% болады. Барлық сценарийші бойынша инфляция 2023 жылы 7,5-9,5% ақша, 2024 жылы – 4-5% ақаша. Кейінен 2025-2027 жылдардың 3-4% - ын құрайды. Әр бала бойынша 517,29тг құраса орташа есеппен 500 теңгені құрап отыр деп комиссия мүшелеріне ұсынысын айтты. Комиссия мүшелері ұсынысын толығымен қабылдады, қарсы болған ешкім болмады.


Шешімі: 

  1. Асхананы жалға алушы Кылышпаева Г.С. өтініші бойынша 2023 жылдың қаңтар айынан бастап «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан тегін ыстық тамақ ішетін оқушылардың бір күндік құны  500 теңгемен бекітілсін.  
  2. Мектеп бухгалтері Бершимбекова Э.К. біркүндік тегін ыстық тамақ құнын 500 теңгемен есептесін. 
  3. Қадағалау жұмыстарын комиссия мүшелері жүргізсін.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив