Хаттама №1 » Жетісу облысы Сарқан ауданы Ақын Сара атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ақын Сара атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
январь
2023

Хаттама №1

Хаттама №1


Ақын Сара атындағы орта мектеп                               4 қаңтар 2023 жыл


Жалпы қатысқандар саны – 7


Мектеп директоры                                                                    Н.Есенгулова

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы                                       С.Ералина

Ата-ана комитетінің төрайымы                                            Ұ.Хубиева

Асхананы жалға алушы                                                            Г.Клышпаева

Директордың әрбие ісінің меңгерушісі                                   Е.Жасакбаев

Мектеп медбикесі                                                                      А.Дүнчебаева

Әлеуметтік педагог, хатшы                                                       М.Дюсембек


Күн тәртібінде:


  1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығының 80-тармағы және ҚР Оқу-ағарту министрінің 10.08.2022 №359 бұйрығына өзгерістер енуіне байланысты мектеп асханасын жалға алушыға беру туралы. 
  2. Асхана жұмыстарын жүргізу барысы.


Сөйлейді бірінші мәселе бойынша Ақын Сара атындағы орта мектеп директоры Н.Есенгулова

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығының 80-тармағы және ҚР Оқу-ағарту министрінің 10.08.2022 №359 бұйрығына өзгерістер енуіне байланысты мектеп асханасын жалға алушыға беру туралы бұйрығының өзгерісіне тоқталып өтті.

         Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 бұйрығының 80-тармағы бойынша төмендегідей: 

         Шарт тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша бекітілген жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және өнім беруші тарапынан бұзушылықтар болмаған жағдайда, тікелей шарт жасасу арқылы келесі қаржы жылдарына екі рет ұзартылады.

         Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту шарттың қолданылу мерзімі өткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде тиісті қаржы жылына арналған көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. 

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тамақтану қамтамасыз етілетін тәрбиеленушілер мен білім алушылардың саны өзгерген жағдайда шартқа өзгерістер енгізіледі. 

Қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына бағаның өзгеруі бөлінген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу ағымдағы кезеңге арналған инфляция деңгейіне сәйкес және мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілетін қызметтер (1 білім алушыға арналған тамақтану) және (немесе) тауарларға орташа баға шегінде жүзеге асырылады. 

Көрсетілген қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ағымдағы қаржы жылына арналған қолданыстағы шартқа конкурстық рәсімдер өткізілместен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.

80-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Оқу – ағарту минстрінің 10.08.2022 №359 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен. 

Аталған бұйрықтың 80-ші тармағына осындай өзгертулермен толықтырулар енгізілген екен. Атап айтсам: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы10 тамыздағы №359 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 11 тамыздағы №29088 болып тіркелді. 

80-тармаққа мынадай мазмұндағы төртінші, бесінші абзацтармен толықтырылсын делінген екен.

«Қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алу жоспарына бағаның өзгеруі бөлігінде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу ағымдағы кезеңге арналған инфляция деңгейіне сәйкес және мемлекеттік сатып алу порталында көрсетілетін қызметтерге (1 білім алушыға тамақтану) және (немесе) тауарларға орташа баға шегінде жүзеге асырылады . көрсетілетін қызметтерді және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде ағымдағы қаржы жылына арналған қолданыстағы шартқа конкурстық рәсімдер өткізілместен өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі». – деді. Осыған байланысты асхананы жалға алушы Кылышпаева Г. тағы 1 жылға 2023 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айына келісім шарттар аясында асхана жұмыстарын жүргізе беретін болды. Себебі, Асхананы жалға алушы Кылышбаева Г. жалға алушы келісім-шарт бойынша асхананың санитарлық жағдайын талапқа сай орындайды. Нанға, шикі және дайын тағамдарға арнайы үстел бөлінген. Мектеп асханасы толығымен залалсыздардырыру, жуып-шаю заттары толығымен қамтылған. Аспазшылардың арнайы киімдері бар олар: халат және бас киімдері. Мектеп асханасында ыдыс-аяқтары толық қамтылған және бүтін. Осы уақытқа дейін асханадағы тағамдардың өлшемін өлшеп көріп, талапқа сай екендігі айқындалды, тексеріс барысында тамақ өнімдерінің сертефикаттары толық жинақталған болып шықты. Өз жұмыстарын жауапкершілікпен қарайды деп сөзін қорытындылады. 

Сөйледі екінші мәселе бойынша ДТІЖО Е.Жасақбаев 

Асхананы жалға алғалы отырған Кылышбаева Г. «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан 2023 жылдың  9 қаңтарынан 250 оқушыны күніне бір рет ыстық тамақпен қамтылатын болады деп болжануда. Тізім өзгеріп қалуы мүмкін. Тегін тамақтың бағаы 400 теңге. Бағалы ыстық тамақтардың бағасы  150-700 тг аралығында. «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан тегін тамақтанатын оқушылар арнайы кесте бойынша ыстық тамақтарын ішеді. Тізім бойынша тегін тамақтанатын балалар арнайы кесте бойынша уақытымен тамақтанады және комиссия мүшелері, мектеп әкімшілігі және кезекші мұғалімдер қадағалап, тексеріс жүргізіп отыратын болады.

Ас мәзірінің сапасы күнделікті мектеп медбикесімен, кқмиссия мүшелерімен тексеріліп, қадағаланып отырады. Тексеру барысында ас мәзірінің сапасы, асхананың және аспазшылардың тазалығы талапқа сай болу керек мекендігі белгілі болды. Жалпы мектеп оқушылары II ауысыммен сабақ оқиды, тегін тамақ ішетін 1-11 сынып оқушылары арнайы кесте бойынша уақытылы тамақтанады. 1«А», 1«Б», 1«В», 2«Ә», 4«А», 4«Ә», 4«Б», 4 «В», 4«Г», 8«А», 8«Ә», 8«Б, 8«В», 9«А», 9«Б», 9«В», 10«А», 10«Б», 11«А», 11«Б» сынып оқушылары таңертең оқиды, кесте бойынша тамақтанады. 2«А», 2«Б», 2«В», 3«А», 3«Ә», 3«Б», 3«В», 3«Ғ», 5«А», 5«Б», 5«В», 6«А», 6«Ә», 6«Б», 6«В», 7«А», 7«Ә», 7«Б», 7«В», 7«Ғ» сынып оқушылары түстен кейін сабақ оқитындықтан олар  түстен кейін кесте бойынша тамақтанады деп өз сөзін аяқтады.


Шешімі: 

  1. Асхананы жалға алушы Г.Кылышпаева асхана жұмысын 1 жылға әрімен қарай жұмыс жүргізуге мүмкіндік берілсін. 
  2. Асхана жұмыстары гигиеналық, санитарлық талаптарға сай жүргізілсін.
  3. Мектеп медбикесі үнемі қадағалау жұмыстары жүргізілсін.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив