Оқушылар жетістігі » Страница 5 » Жетісу облысы Сарқан ауданы Ақын Сара атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ақын Сара атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
Мұқағали Мақатаев  оқулары
25
январь
2023
Мұқағали Мақатаев оқулары
Қаңтардың 25-і күні Ы. Алтынсарин атындағы мектеп базасында Мұқағали Мақатаев  оқуларының аудандық кезеңі өтті. Байқауға Сарқан ауданы бойынша мектеп оқушылары қатысты. Байқау үш бағыт бойынша өтті. l  бағыт - "Айтып өткен ақында арман бар ма?". Мәнерлеп оқу сайысы; ll бағыт - "Жыр эстафетасы". Ақынның поэмаларын жатқа айту; lll бағыт - "Көкірегімде жыр сәулесі маздайды". Ақын шығармашылығына өз өлеңін арнау.     Аталған байқауда Ақын Сара атындағы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Амангелді
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы оқулары
24
январь
2023
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы оқулары
Қаңтардың 24-і күні Н. Островский атындағы мектеп-лицейінде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы оқуларының аудандық кезеңі өтті. Байқауға Сарқан ауданы бойынша мектептер қатысты. Байқау төрт бағыт бойынша өтті. Олар: l  бағыт - "Алдыма өлең жаз деп қағаз келген. Мәшһүр Жүсіп шығармашылығына өз өлеңін арнау. ll бағыт - "Бас болып өнер білсең тіпті жақсы". Ғылыми зерттеу жобасы. lll бағыт - "Білімді зерек адам болам! - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен. Эссе жазу.  lV бағыт - "Ұлы даланың ұлы есімдері".
Республикалық Мағжан оқулары
23
январь
2023
Республикалық Мағжан оқулары
23. 01 күні №1 мектеп – гиназия базасында мектеп оқушылары арасында Мағжан оқулары республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқауда «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу конкурсы бойынша Сержанқызы Тұнық І орын, жетекшісі Дукенбаева Р.С; «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар конкурсы бойынша 7«Ә» сынып оқушысы Амиргали Аруна ІІ орынмен, жетекшісі Дукенбаева Р.С; «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» - ғылыми жоба жұмысы бойынша 7«Ә» сынып оқушысы
Аудандық "Жас сарбаз" әскери - патриоттық ойыны
09
декабрь
2022
Аудандық "Жас сарбаз" әскери - патриоттық ойыны
Аудандық "Жас сарбаз" әскери - патриоттық ойыны байқауында "Жауынгерлік парақ" номинациясымен Ақын Сара атындағы орта мектеп оқушылары марапатталады.  Жетекшісі Аралбеков Ринат
Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауы
08
декабрь
2022
Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауы
Жас журналист оқушылар арасындағы Бейсен Құранбек атындағы облыстық шығармашылық байқауы желтоқсан айының 8-9 аралығында Талдықорған қаласында өтті. Ақын Сара атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушалары Айқынбайқызы Мәммәр Алғыс хатпен, Айбар Қамар 3- орын алды. Оқушылар кітаппен және ақшалай сыйлықпен марапатталды  
"Зерде" республикалық конкурсының аудандық кезеңі
05
декабрь
2022
"Зерде" республикалық конкурсының аудандық кезеңі
Зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобаларының "Зерде" республикалық конкурсының аудандық (сырттай) кезеңінде III орын алғаны үшін Айдынұлы Қайсар, Базарбай Амина (қазақ тілі мен әдебиеті) марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ескермесқызы Айзат.
"Батыр баба  Ерасыл" тақырыбындағы эссе байқауы
05
декабрь
2022
"Батыр баба Ерасыл" тақырыбындағы эссе байқауы
Қаракерей Қабанбай батырдың 330 жылдығына орай 7-11 сынып оқушылары арасында өткен "Батыр баба  Ерасыл" тақырыбындағы эссе байқауында I орын алғаны үшін Айқынбайқызы Мәрмәр марапатталды. Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ескермесқызы Айзат. @ayzateskermeskyzy
4-6 cыныптар арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі нәтижесі
21
ноябрь
2022
4-6 cыныптар арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының
«Дарын» қосымша білім орталығының қолдауымен 4-6 cыныптар арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Нәтижесінде Бақыткелді Алаш 5- сынып оқушысы, Чакербек Қымбат 5 сынып оқушысы облысқа жолдама алды.
"АДАЛ ҰРПАҚ" ерiктi мектеп клубтарының байқауы
11
ноябрь
2022
"АДАЛ ҰРПАҚ" ерiктi мектеп клубтарының байқауы
Мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі және аудандық "АДАЛ ҰРПАҚ" ерiктi мектеп клубтарының байқауында "Ең үздік 2021-2022 жұмыс жоспары" номинациямен Ақын Сара атындағы орта мектебі марапатталды.
Мектепшілік дебат жарысы
04
ноябрь
2022
Мектепшілік дебат жарысы
Ақын Сара атындағы мектеп кітапханасында 4 қараша күні Ғ.Мүсіреповтің Ұлпан романы желісі бойынша 7,8 сыныптар арасында дебат өткізілді. Дебатқа төрт команда қатысты. Ұшқыр ой өткір тілмен бірінші жүлделі орынға Жалын командасы ие болды. Екінші жүлделі орынды Болашақ командасы иеленді