27
декабрь
2022
"Жетісу" облыстық газетінің ұйымдастыруымен "Газет сөзі мың күндік" облыстық іс шара
27 желтоқсан күні Бейсен Құранбек атындағы Жетісу телеарнасында Облыстық білім беру бөлімі мен Жетісу газеті ұйымдастырған "Газет үні мың күндік" атты жобаға мектебіміздің 11-сынып оқушысы Құралбекқызы Мөлдір мен жетекшісі Ескермесқызы Айзат қатысып қайтты. Іс-шарада Жетісу газетінің журналистері оқушыларға бұқаралық ақпарат құралдары мен кітап, газет оқудың пайдасы туралы тың мәліметтер берді. Оқушылар өз туындыларын оқып, өнерлерін көрсетті. Шараға қатысқан барлық оқушыларға 1 жылға Жетісу газетіне тегін жазылғандығы туралы квитанция мен кітаптар тарту етті. Сонымен қатар Жетісу газетінің ұжымы Облыстық білім бөлімі басқармасымен бірлесе отырып "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында оқушылармен ұйымдастырылатын байқау ережелерімен таныстылды. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз.