21
февраль
2023
"Компьютердің зияны мен пайдасы" атты ашық сынып сағаты және еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша 2
Ақпанның 21-і күні "Сынып жетекшісінің сыныппен жұмыс жасаудағы қазіргі білім беру технологиялары" атты бастауыш сынып жетекшілер бірлестігінің онкүндігінің жоспарына сай зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбие бағыты сәйкес 4 "Б" сынып оқушыларымен "Компьютердің зияны мен пайдасы" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Аталған шаралар оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыруға, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылардың дамуына үлкен үлес қосып жүрген ұстаздарға айтар алғысымыз шексіз.