Сарқан өңірінің қыл қалам шеберлері ақын жазушыларымен кездесу
23 сәуір дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне байланысты Ақын Сара атындағы мектеп оқушылары мектеп кітапханашысы ұйымдастыруымен Сарқан өңірінің қыл қалам шеберлері ақын жазушыларымен кездесті. Өз өнерлерін ортаға салып, туындыларын жатқа оқыды. Атап айтсақ 11 сынып оқушысы Бақытнұр Аяла, 10 сынып оқушылары Юсупқызы Назерке, Сылқымбайқызы Марғуза, 9 сынып оқушысы Тойшыбаева Томирис, 7 сынып оқушысы Ермекбек Шұғыла қатысты.