Бастауыш сынып бірлестіктегінің І жартыжылдық есебі » Жетісу облысы Сарқан ауданы Ақын Сара атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ақын Сара атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
январь
2023

Бастауыш сынып бірлестіктегінің І жартыжылдық есебі

Атқарылған  әдістемелік жұмысының әлді жақтары:

Әдістемелік бірлестік мұғалімдерімен бірігіп әдістемелік  жоспар құрылып, бекітілді және жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылды. Әдістемелік бірлестік мұғалімдерімен жаңа нормативтік құжаттар, нұсқау әдістемелік материалдары,  жаңа оқу бағдарламалары және жоспарлары, мемлекеттік білім стандарттарын оқып танысып, талқыланды. 

Бастауыш сынып бірлестігінде 22 мұғалім дәріс беріп, жұмыс жасап келеді. Тамыз айында әдістемелік бірлестіктің отырысында өткен жылғы жұмысына талдау жасалып, 2022-2023 оқу жылына жоспар құрылып,  жоспарға сай жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, мектепішілк іс-шаралар, ғылыми - әдістемелік жұмыстар, оқу - әдістемелік жұмыстары және ай сайын жоспарланған жоспарда көрсетілген жұмыстар жүргізілді. 

Жоспарға сай  12-16 қыркүйек аралығында «Құқықтық сана-қоғамға пана» жоба аясында

1-4 сыныптарда «Абайлаңыз балалар!» апталығы ұйымдастырылды. Апталық кезінде сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын және мектеп инспекторымен 2 сынып оқушыларымен жол жүру ережелерін көрсетіліп, таныстырылды.

19-23 қыркүйек аралығында «Ерте жастан экологиялық мәдениет» жобасы бойынша «Табиғат тамашалары» атты сурет байқауын 1-4 сыныптар арасында өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша 2 «Б» сынып оқушысы Шалғынұлы Әмір, 4 «В» сынып оқушысы Абдуллина Ясмина және 3 «Ғ» сынып оқушысы Сұңқарұлы Арот жеңімпазы атанды.

 26-30 кыркүйек аралығында «Отбасы орта мектеп» жобасы бойынша «Отбасы-бақыт мекені» атты апталыққа бастауыш сынып оқушылары белсене қатысты. Атап айтқанда сует байқауына 1-4 сынып оқушылары қатысып, 2 «А»Бақтияр Айзере, 3 «В» Асқарбаева Аяна, 4 «А» Оразова Айзере, «Менің отбасым» бейне ролик түсіруден 4 «Ә» сынып оқушысы Батырұлы Садуақас, «Отбасы мүшелері» атты фото коллаж жасаудан 2 «Б» Арманұлы Нұрали белсене қатысты.

26 кыркүйек күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы  аясында Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай мектеп кітапханашыларымен бірігіп ұйымдастырылған «Ахмет оқулары» атты мәнерлеп оқуына бастауыш сынып оқушылары қатысып, 3 «А» сынып оқушылары Сылқымбайқызы Риза, Маман Әділмансұр, 3«Ә» Әкпаржанқызы Айша, 4 «В» сынып оқушысы Абдуллина Ясмина, 4 «Ә» сынып оқушысы Ертайқызы Әдемі  жүлдерлі орын алды. Мектепішілік байқаудың жеңімпаздары  3 «А» сынып оқушысы Маман Әділмансұр мен 4 «Ә» сынып оқушысы Ертайқызы Әдемі  аудандық онлайн байқауына видео ролигі жолданды.

7-14 қазан күндер аралығында халықаралық «Кенгуру» интеллектуалдық конкурсына бастауыш сыныптар арасынан 116 оқушы қатысып, 1 орын -22, 2 орын-41, 3 орын 29, қалған 24 оқушы қатысқаны үшін сертефикат алды. 

22- қазан күні «Қазақстан – Республикам менің!» атты 1-4 сыныптар аралығында тәрбие сағаттары өткізілді. 

5 желтоқсан  күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы  аясында «Игман Жомарттың оқулары» атты мәнерлеп оқуына бастауыш сынып оқушылары қатысып, 3 «А» сынып оқушылары Сылқымбайқызы Риза, Маман Әділмансұр, 3«Ә» Әкпаржанқызы Айша, 4 «В» сынып оқушысы Абдуллина Ясмина, 4 «Ә» сынып оқушысы Ертайқызы Әдемі  жүлдерлі орын алды. Мектепішілік байқаудың жеңімпазы  4 «А» сынып оқушысы Жақып Айша  аудандық байқауына қатысып, алғыс хат берілді. 

Республикалық күні қарсаңында «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  өткен «Алтын бала-2022» республикалық онлайн байқауын мектеп алды даярлық сыныбының оқушылары қатысып, Ерланұлы Нұралы, Нұрбатыр Алинұр, Нұртуғанұлы Диас, Серікбол Алима, Сәрсембай Бақытжан, Русланұлы Нұрасыл, Рахметай Жандос 2 дәрежелі дипломдарымен марапатталды. «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен  өткен «Жас журналист» атты мектеп оқушыларына арналған республикалық байқауға қатысып,  Нурадил Ерасыл, Мұхитұлы Мирас, Нұрадил Жаннұр, Мырзахан Али І дәрежелі және Мұхитұлы Диас ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.  

2022-2023 оқу жылының 20 желтоқсан  күні  2-4 сыныптар арасында  негізгі 5 пән бойынша  (жаратылыстану, математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бағыты ) бойынша  мектепішілік олимпиада өтті. Олимпиадаға 121 оқушы қатысты. Олимпиада тапсырмалары  2 кезеңге бөлініп, дайындалды. Олимпиаданың бірінші кезеңнің  нәтижесі бойынша жоғарғы балл алған  61 оқушы  екінші кезеңге өтіп, нәтижесінде 35 оқушы орындарға ие болды. Орын алған оқушылар марапатталынды. Ал І орын алған оқушылар аудандық олимпиадаға жолдама алды.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің республикалық әдістемелік журналдарға өз мақалалырын жариялап отырады. Атап айтқанда Бастауыш  мектеп №10 (117) қазан 2022 жыл Жилысова Сауле Тулегеновна «Как правильно писаться» , Бастауыш  мектеп №12 (119) қазан 2022 жыл Сакаева Айнұр Нуралбековна « Обобщение опыта работы на уроках в начальной школе по формированию функциональной грамотности»,  Жарқын болашақ  №12 (10) 2022 жыл «Формирование ключевых компетенций»  мақалалары жарияланып, алғыс хатымен марапатталынды.

«Алтын білім кілті» әдістемелік ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Даланың дара ұстазы-Ыбырай жолымен» шығармашылық байқауының арнайы жинағына Буртыбекова Айгуль Куанышбековнаның мақаласы жарияланып, алғыс хатымен марапатталынды. 

«Алтын білім кілті» әдістемелік ғылыми зерттеу орталығының 01(12)-2022 нөмірінің халықаралық ғылыми-әдістемелік жуналына «Оқуға құштар мектеп-оқуға құштар ұл» және «Жаңашыл педагог мінбері» республикалық ғылыми – педагогикалық әдістемелік журналына  мақалалары  жарияланып, алғыс хатымен марапатталынды.

Аудандық №49(9498) 16 желтоқсан 2022 жылы  қоғамдық-саяси апталық  «Сарқан» газетіне 4 «Ә» сынып оқушыларының «Қазақ болғаныма мақтанамын!» Садуақас Батыр, «Отанды сүю-қасиет» Мадияр Уисимнің  мақалалары және 2 «Б» сынып оқушыларының Русланұлы Ерасыл, Рахымбай Ұластың «Қыс» атты өлеңдері жарияланды.

«Оқыту тәжірибесін жетілдірудегі мектеп педагогтердің аналитикалық құзыреттілігі» атты тақырыбында бастауыш сынып мұғалімі Б.Байганышева  біліктілігін арттыру  курсынан өтті. 


Атқарылған әдістемелік жұмыстардың әлсіз жақтары:

Бастауыш сынып мұғалімдеріне  іштей өтетін байқаулар  және мұғалімдерге арналған олимпиаданың болмауы. Мұғалімнің  шығармашылық жұмысы, жетістігі аз.



Кедергілер:

Бастауыш сынып мұғалімдеріне  арналған олимпиадалары мен байқаулардың  ақылы болуы және  жарамсыз байқаулардың көптігінен мұғалімнің шығармашылығының шыңдалуына кедергі болып тұр.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив