19
февраль
2025
«Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
2025 жылдың 19 ақпан күні Талдықорған қаласында білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті.
✔️Аталған педагогикалық олимпиадаға Ақын Сара атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, ауданымыздың талантты жас ұстазы - Қажиева Талшын Талғатқызы қатысып, жүлделі ІІІ ОРЫН иегері атанды. Сонымен қатар педагогикалық олимпиаданың Республикалық кезеңіне жолдама алды. Шын жүректен жас ұстазымызды құттықтаймыз!