ҰБТ » Жетісу облысы Сарқан ауданы Ақын Сара атындағы орта мектеп
Жетісу облысы
Сарқан ауданы білім бөлімінің
"Ақын Сара атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
ноябрь
2017

ҰБТ

Ақын Сара атындағы орта мектебінің 2016–2017 оқу жылындағы қорытынды аттестаттау жұмысының қорытындысына талдау.

Оқу жылының басынан мектепішілік бұйрық арқылы оқушыларды қорытынды аттестаттауға дайындайтын мұғалімдер бекітілді. Онда білімі жоғары, білікті, санаты жоғары немесе І санаттағы мұғалімдер мүмкіндігінше іріктеліп алынды. Атап айтсақ 15 мұғалімнің 4-і жоғары, 8-і бірінші санатты, 3-і ІІ санатты мұғалімдер. Барлық мұғалімдердің әдіс-тәсілдері молынан жинақталған. Жылдағы үрдіске сәйкес мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері өздерінің жыл бойында атқаратын қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарының жоспарын құрды. Жоспарда өзара тәжірибе алмасу мақсатында мектепте ашық сабақтар өткізу, бір-бірінің сабақтарына қатысу, талдау жасау, тақырыптық семинарлар ұйымдастыру, ӘБ отырыстарында аралық сынама тест нәтижесін тыңдау, пән мұғалімдері тарапынан сынама тест нәтижесін дұрыс сараптау, соған байланысты нақты жұмыстарды жоспарлау, т.б. іс-шаралар қарастырылды. Ата-аналармен жұмыс, мектеп психологының жұмысы да жыл бойына жоспарланып атқарылды. Мектепте қосымша сабақ кестесі де құрылып, оқушылар жыл басынан дайындық жұмыстарына кірісіп кетті. Оқушылар мектеп тарапынан толықтай оқулықтармен де қамтамасыз етілді.

Оқу жылы барысында қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша қазақ тілінен эссе жазуға, математикадан есептер шығаруға, тарихтан билеттерге , таңдау пәні мен орыс тілінен тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру жұмыстары ат үсті жасалмай, кемшіліктерді жою жұмыстары, үлгерімі төмен оқушылармен , «Алтын белгі» белгісіне үміткерлермен жұмыс , оқушыларды үлгеріміне қарай топтап оқыту жұмысы өз деңгейінде жүргізілді. Нәтиже ӘБ отырыстарында, педагогикалық кеңестер мен директор жанындағы отырыстарда қаралып ұсыныстар берілді.

Жыл басында мектеп бітіру шараларына енген өзгерістермен , атап айтсақ ҰБТ мен қорытынды аттестаттаудың жаңа форматымен таныстыру мақсатында оқушылармен, оқушылардың ата-аналарымен де бірнеше жиналыстар өткізіліп толықтай түсіндірме жұмыстары жасалынып, қосымша мағлұмат берілді. Сынып жетекшілер тарапынан да ауқымды жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың сабақтан қалмауын, дайындық жұмыстарына толық қатысуын қадағалап отыру, ата-аналармен қарым қатынас жасап үйдегі ақуалдың дұрыс болуын қамтамасыз етуге бағыт-бағдар беріп отырды.

Мектеп психологы тарапынан әр түрлі тренингтер өткізіліп , оқушылардың психологиялық дайындығына да көңіл бөлінді. Қорытынды аттестаттау нәтижесі:

 

 

 

 

 

 

Пәні

Бала саны

5

4

3

2

Білім сапасы

Эссе

Қазақ тілі

25

5

16

4

0

84

әдебиет

25

9

14

2

0

92

Орыс тілі

25

7

7

1

0

 

математика

25

3

16

6

0

76

Тарих

25

9

15

1

0

96

Биология

8

5

3

 

0

100

География

2

 

2

 

0

100

ағылшын т

3

3

 

 

0

100

Химия

1

1

 

 

0

100

Физика

7

3

4

 

0

100

әдебиет

1

1

 

 

0

100

д/ж тарихы

3

2

 

1

0

66

 

«Алтын белгіге» үміткер оқушыларымыз Қозыдиас Ажар мен Мұсаев Жомарт білімдерін дәлелдеді. Қорытынды аттестаттау өз деңгейінде өткізілді.

 

Кеткен кемшіліктерді ескере отырып атқарылатын жұмыстар

-ҰБТ қорытындысын әдістемелік бірлестік отырысында қарап сыныптың ерекшеліктерін, оқушының білім деңгейін ескере отырып 2015-2016 оқу жылына ҰБТ-ға дайындаудың жаңа жолдарын белгілеу

- Оқушыларға ҰБТ- ның осы жылғы нәтижесін айта отырып психологиялық дайындық жүргізу

- Пән мұғалімдерімен , сынып жетекшілерімен, психологтармен бірлескен семинарлар өткізіп тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру

- Ата-аналарға,оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын қолға алу

- Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, ізденіп оқуға бейімдеу

- Әкімшілік тарапынан ҰБТ –ға дайындықты қадағалап, жүйелі жұмыстың жүргізілуін басшылыққа алу

- Әрбір сынама тесттен кейін дұрыс сараптама жасап, кеткен қателермен ,жеке оқушылармен жұмысты нәтижеге бағыттап жүргізу

- Сабақ барысында, қосымша дайындық кезінде білім деңгейіне қарай оқушыларды топтап оқыту

- Жоспар бойынша жүйелі жұмыс жасап,әр пән мұғалімі өз жұмысына талдау жасап отыру

 

 

2016-2017 оқу жылындағы мектептегі бейінді оқыту

Бейінді оқыту бойынша мектепте оқушылар 10 – сыныптан бастап таңдаған бағыттары бойынша жаратылыстану – математикалық немесе қоғамдық – гуманитарлық бағытта оқиды. Сондықтан мектептің барлық оқу жоспары, оқу жоспарының вариативті бөліміндегі таңдау сабақтар оқушылардың қызығушылықтары мен мүмкіндіктерін, бейімділіктерін ескере отырып, бейіндік оқытуға негізделген. Оқушылардың 10 сыныпқа келгенде бағытты дұрыс таңдауына кеңес беру мақсатында 9 – сынып оқушыларына жыл бойы болашақтағы мамандықтарын дұрыс таңдауларына байланысты жоғары сынып оқушыларының қатысуымен жаратылыстану – математикалық немесе қоғамдық – гуманитарлық бағытта кештер, оқу орындарының мамандарымен кездесулер, арнайы сауалнамалар алынып, кәсіби бағдар беру жұмыстары кең түрде жүргізіліп отырады. 10 – сыныпта сол таңдаған бағыттары бойынша пәндері тереңдетіліп оқытылып, бағдарлы білім алады. Биылғы оқу жылында кәсіби бағдар беру мақсатында мектепте «Мамандығым мақтанышым»тақырыбында аудан мектептерінің қатысуымен кеш ұйымдастырылды. Әр түрлі мамандық иелерімен кездесу жасап оқушыларға жалпылама түсінік берілді. Бағдарлы оқытуды тиімді ұйымдастыру, баланың бейімін анықтау бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Сондықтан бағдарлы оқытуды ұйымдастыруды мектепте бастауыш сатыдан бастап отырғанымыз өз нәтижесін беруде. Биылғы жылбойынша мектепте жаратылыстану-математикалық бағытын 10 Б,11 Б сыныптар оқыды, жалпы бала саны 35 оқушы. 10 Б-20 бала, 11 Б-15 бала, , қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 10А, 11А сыныптары дәріс алады, Бала саны 27 , 10А-17 бала, 11А-10 бала. Бұл сыныптарда оқушылардың бейімділіктері мен қызығушылықтары ескеріліп, білім стандартына сәйкес курстар жүргізіледі. Сыныптар жыл басынан қажет оқулықтармен толық қамтамасыз етілді. Сабақ беруге бекітілген мұғалімдер дерлік жоғары білімді мамандар. Оқушылардың толыққанды бейініне қарай білім алуына мектеп әкімшілігі тарапынан барлық жағдай жасалған. Жоспар құру, онда өткен жылдың қорытындысы бойынша кемшіліктерді ескеру, оқушыларды бейініне қарай отырғызу, оқушылар тізімін жасау, мұғалімдер тізімін жасап бекіту, бейініне қарай қолданбалы курстардың жоспарын бекіту.т.б. Бейінді оқыту нәтижелері ӘБ отырыстарында талданып, пед кеңестерде қаралып отырды. Бейініне қарай оқушылар да ҰБТ тапсырған кезде мамандық таңдауға бағыт бағдар алады. Соған байланысты 5-ші пәнді де дұрыс таңдауға тырысады. Бейініне қарай оқуға түсу деңгейі өткен оқу жылында 89 %-ды көрсетті. Биылғы жыл қорытындысы бойынша да оқушылар дұрыс таңдау жасайды деген ойдамыз. Оқушыладың білім сапасының көрсеткіші білім беру деңгейіне тікелей байланысты. Сондықтан пән мұғалімдері де өздерінің кәсіби біліктіліктеріне жоғары талап қоя отырып, оқу жылының аяғында пән мұғалімдері өз жұмыстарына толық сараптама жасап, соның негізінде келер оқу жылына іс-шаралар жоспарын құрады.

Мұғалімдердің қосымша білім беру жұмысы

Факультативтер - оқушылардың ғылыми - теориялық білімдерін және тәжірибелік дағдыларын кеңейтуге, олардың танымдық қызығушылықтарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мамандыққа бағыттауға арналған оқытудың бір түрі. Факультативтер негізгі пәндердің бағдарламаларымен келісілген арнайы бағдарламалар бойынша жүргізіледі. Оқу жоспарындағы оқу сағаттарына сәйкес оқушылардың таңдауымен және ықыласы бойынша ұйымдастырылады. 2016-2017 оқу жылында мектепте оқу бағдарламасы негізінде 1-9 сыныптар арасында 56 сағат бойынша жүргізілді. Пән мұғалімдері уақытылы, жоспар бойынша сабақтарын жүргізді.

Мұғалімдерді аттестациядан өткізу

2016 -2017 оқу жылында аттестаттаудан өтетін мұғалімдермен жұмысты жүргізуде: аттестаттау комиссиясының жұмыс жоспары, аттестатталушы мұғалімдермен жұмыс жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Аттестаттаудан өтетін мұғалімдердің өтініштері алынып, жалпы тізім жасалынды. Әдістемелік кабинетте «Аттестаттау бұрышы» жаңадан толықтырылды. Мектеп әкімшілігі тарапынан аттестатталушы мұғалімдермен семинар өткізіліп аттестаттаудан өтетін мұғалімдерге қойылатын талаптар, дайындалатын құжаттар, олардың үлгілері, ережедегі өзгерістер жайында мағлұмат берілді. Жоғары, І,ІІ санатқа қойылатын талаптар жеке-жеке талданды. Атқарылып жатқан жұмыстар педагогикалық кеңесте, директор жанындағы кеңестерде қаралып отырды. Сонымен қатар жыл бойында комиссия мүшелері аттестатталушы мұғалімдермен жүйелі жұмыс жасады. Құжаттарын рәсімдеудежетекшілер де ат салысты. Пән мұғалімдері де жұмыс нәтижелерін жинақтап, өздері өтініш жазған санатты дәлелдеп шықты. Жоғары санатқа өтті 3 мұғалім: Б.Байғанышева, Н.Абдыкаликова, К.Тайлыбаева бастауыш сынып мұғалімі, растады 2 мұғалім Г.Агабдилова орыс тілі пәнінің мұғалімі, А.Карипбаева биология пәнінің мұғалімі. І санатқа өтті 5 мұғалім: Н.Әріпбай математика пәні мұғалімі, Н.Адильханова бастауыш сынып мұғалімі, Е.Оразбекова қазақ тілі пәні мұғалімі, П.Бисейтова бейнелеу пәні мұғалімі, А.Абылханов музыка пәні мұғалімі. ІІ санатты кітапханашы М.Каймолдина растады. А. Байтубеков ағылшын тілі пәні мұғалімі, С.Досаноманова информатика пәні мұғалімі, А.Сембай дефектолог, М.Тойшыбаева, С.Узақбаева, Б.Мизамбекова бастауыш сынып мұғалімі, Г.Адильбекова бейнелеу пәні мұғалімі, С.Шеңгелбаева, А.Сейтхан қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Н.Байжұманов тарих пәнінің мұғалімі ІІ санатқа өтті.

 

Мұғалімдердің білімін жетілдіруі

2016-2017 оқу жылында 44 мұғалім білімін жетілдіру курстарынан өтті. Курстан алған білімдерін ӘБ отырысында қарап, әріптестері арасында таратып, жыл бойында нәтижелі жұмыс жасауда.

 

Похожие публикации:

04 сентябрь 2017 Мектеп Әкімшілігі
10 ноябрь 2017 Сапалық құрам
25 октябрь 2017 Мектеп әкімшілік
12 апрель 2017 ҰБТ
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив