Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп тарихы

Автор: admin от 27-04-2017, 00:21, посмотрело: 192

0

Категория: Мектеп тарихы

 

Мерекелік іс - шаралар

Автор: admin от 27-04-2017, 00:18, посмотрело: 177

0

1-nauryz.docx [1,05 Mb] (cкачиваний: 2)

 

8-nauryz.docx [972,12 Kb] (cкачиваний: 2)

 

Zhaa-zhyl.docx [3,38 Mb] (cкачиваний: 0)

 

Zorly-zombyly.docx [12,58 Kb] (cкачиваний: 0)

 

arttar-kn.docx [579,51 Kb] (cкачиваний: 0)

 

Tuelszdk-kn.docx [2 Mb] (cкачиваний: 0)

 

stazdar-merekes.docx [275,6 Kb] (cкачиваний: 2)

 

Категория: Мерекелік іс-шаралар

 

Мекен жайымыз

Автор: admin от 27-04-2017, 00:08, посмотрело: 227

0


Атанова№17

Телефон 2-72-59

Akinsara_mektep@mail.ru

Категория: Мекен жайымыз

 

Сабақ кестесі

Автор: admin от 26-04-2017, 22:53, посмотрело: 193

0

RASPISANIE-2016-2017-s-kabinetami.doc [324 Kb] (cкачиваний: 2)

 

Категория: Сабақ кестесі

 

ҰБТ

Автор: admin от 12-04-2017, 04:40, посмотрело: 233

0

 

2015-2016 оқу жылындағы мектеп түлектерінің ҰБТ- дан орта ұпайларының соңғы жылдардағы көрсеткіштермен салыстыра отырып талдау

Жыл көлемінде мектеп түлектеріне мемлекеттік білім бағдарламасын меңгертудің басты шарты – тұлғаға бағыттай оқытуды мұғалімдер басшылыққа алған. Тұлғаға бағытталған сабақ оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдайы екенін ескере отырып, пән мұғалімдері инновациялық оқыту тәсілдерін нәтижелі қолдана білді. Оқушыларды жыл көлемінде тестілеуге даярлау мақсатында әкімшілік тарапынан мектепішілік бақылаулар жасалынып, аралық тестілеудің қорытындысы шығарылып отырылды, жетістіктер мен типтік қателер талданып көрсетілді. Қыркүйек айынан бастап оқушылармен ҰБТ- ға даярлық жоспары жасалынып, құжаттар іріктелді. Оқушыларға ҰБТ- ға дайындық жайындағы кеңестер мен психологиялық сабақтар өткізілді. Пән мұғалімдерінің жұмыс жоспарлары жасалынды. Аудандық тестілеу орталығынан жыл басынан бері 19 рет аралық байқау тестілеуі жазылды. Орта мектеп курсы бойынша барлық материалдың меңгерілуін мұғалімдер назарда ұстап, жеке жұмыстар мен қосымша сабақтар ұйымдастырды. Жыл көлемінде оқушыға ҰБТ- ға дайындық нұсқаулармен таныстыру, ҰБТ кезіндегі тәртіп ережесі, нұсқауларымен, тіркелу және өтілу уақытымен таныстыру, ҰБТ сайтымен жұмыстар жүйелі жүргізілді. Мектептің әдістемелік кеңестерінде желтоқсан айында «11-сыныпта ҰБТ- ға даярлық негіздерін бақылау (сыныптық бақылау)», сәуір айында «Оқушы білімін тұрақтандыру негізінде мемлекеттік стандарттың талаптары орындауы және емтиханға әзірлік жағдайлары, ҰБТ- ға сапалы даярлану жолдары.» тақырыбында отырыстар өткізіліп, әкімшілік тарапынан сабақтарға қатысып, талдаулар жасалынды. Мектеп психологы ҰБТ- ға даярлық жұмыстары жайлы есебі, «ҰБТ–ға даярлық кезеңіндегі оқушылар психологиясын зерттеу» семинары мен тренингтер өткізді, «ҰБТ- ға даярлау мен тапсыру туралы ережелер», «ҰБТ- ға даярлық кезеңіндегі психологиялық ерекшелік» тақырыптарында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Аралық тестілеу кезеңдерінде оқушылардан сауалнама сұрақтар алынып, талдау жасалынып отырылды. ҰБТ- ға даярлық ретінде «Ұлттық бірыңғай тестілеу бұрышы» стендін ұйымдастыру жұмысы жүргізілді. Мектептің жалпы залында және пәндер бойынша сынып бөлмелерінде.

2015-2016 оқу жылында 11-сыныпты 32 оқушы бітірсе оның 27-сі ҰБТ тапсырды. Қатысу деңгейі 84,3%. Оқушының орта мектеп курсы бойынша даярлық деңгейі мен

 

 

білім, білік, дағдылары тестілеу нәтижесінде орта деңгейді байқатты. Мектеп бойынша орта балл 74,1. Былтырғы жылмен салыстырғанда 1,4 балға төмен көрсетті. «Алтын белгі» белгісіне үміткер Шаяхметов Ержан өз білімін 110 балл алып толықтай дәлелдеп шықты. Математикадан 20 балл, пән мұғалімі Әріпбай Н. қазақ тілінен 22 балл, пән мұғалімі Жумалиева М. орыс тілінен 23 балл, пән мұғалімі Г.Агабдилова; тарихтан 23 балл, пән мұғалімі Манен Б. биологиядан 22 балл, пән мұғалімі А.Карипбаева. «Алтын белгі» белгісіне үміткер Альджуманова Айым 103 балл алып «Ерекше үлгідегі аттестатқа» ие болды. Математикадан 19 балл, 1балл жетпеді. пән мұғалімі Әріпбай Н. қазақ тілінен 21 балл, пән мұғалімі Жумалиева М. орыс тілінен 19 балл, пән мұғалімі Г.Агабдилова; тарихтан 23 балл, пән мұғалімі Манен Б. биологиядан 21 балл, пән мұғалімі А.Карипбаева. 2014-2015 оқу жылында «2» алған оқушы жоқ болса , биылғы оқу жылында «2» алған 1 оқушы . Толегенова А. математика пәнінен , пән мұғалімі Әріпбай Н. «50» балдан төмен алған 4 оқушы. Олар: Ермұхамет Е. 45 балл, Ескендиров Е. 46 балл, Солтанғұл А. 43 балл, Қожахметова Г. 37 балл.

2015-2016 оқу жылындағы ҰБТ қорытындысы

Мектеп бітіруші саны

ҰБТ тапсырған бала саны

Денсаулығына байланысты босатылғандар

«Алтын белгі» белгісіне үміткерлер

Ерекше үлгідегі аттестатқа үміткерлер

ҰБТ тапсырды

Орта білімі туралы құжат алғандар

Тест нәтижесі бойынша аттестат алмағандар

Әдеттегі аттестат

Ерекше үлгідегі аттестат

«Алтын белгі»

32

27

-

1 / 3,1 %

1/3,1%

32

30- 93,7%

1-3,1%

1- 3,1%

-

 

11сын. бітірген оқушылар

ҰБТ тапсырғаны

Пәндер бойынша орта балл

Қазақ тілі

Орыс тілі

математика

тарих

биология

география

химия

физика

Д/ж тарихы

әдебиет

Ағыл. тілі

 

32

27

16,6

12,5

13,1

17,1

14

20

-

14,5

-

14

21

 

 

ҰБТ тапсырған бала санымен орта балдың салыстырмалы кестесі төмендегідей.

 

 

Әр пәннің оқытылу деңгейі, мұғалімнің еңбегі ҰБТ қорытындысынан көрінетіні белгілі, ендеше пәндер бойынша орташа ұпайлардың салыстырмалы көрсеткішін қарастырсақ, төмендегідей нәтижені байқауға болады:

Қазақ тілі пәнінен оқушылардың оқытылуы мемлекеттік стандарттың оңтайлы деңгейін байқатып, мұғалім Жұмалиева М.А. Блискелдинова А.С. деңгейлі бағдарлама модульдерін сабақтарға нәтижелі ықпалдастырып, оқушымен кері байланысты тиімді орнатып, ҰБТ- ның даярлығы ретінде оқушылардың арнайы және жалпы оқу дағдыларына зерттеу жасау арқылы пәнді меңгертудегі әсері қадағалап, кемшіліктерге түзету жұмыстарын жүргізді. Оқушылар қазақ тілі пәнінен фонетика, морфология, синтаксис бөлімінен сөз тіркесі, салалас, сабақтас, аралас құрмалас түрлерін, сөзжасам, төл сөз, төлеу сөздер, пунктуация, сөз мәдениеті мен шешендік сөздер құрылымы тарауларын жақсы меңгергенмен, дәйексөздердің авторларын белгілеуден, стильдер ерекшелігі, кәсіби және диалект сөздерден қателер жіберген. Сондықтан мұғалімге келесі оқу жылында бағдарламадан тыс қосымша мәліметтермен жұмыс түрлерін кеңінен қарастыру керек. Орта балл 16,6. 11а сынып 18,3; 11б сынып 15,6.

Мектеп бітірушілердің орта мектеп курсы бойынша орыс тілі пәнінен мемлекеттік білім стандартының оңтайлы деңгейін байқатып, жылдық қорытындымен салыстырғанда біршама алға жылжуды көрсетсе, кейбір тараулар бойынша әлсіздік көрсеткен тұстарын байқатты. Орыс тілі пәнін оқытуда мұғалім Сулейменова С.К. Агабдилова Г.М. оқыту үрдісін ақпараттық - әдістемелік жағынан қамтамасыз ету арқылы білім сапасын көтеріп, модульдік оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін нәтижелі қолданған. Орыс тілі пәнінен оқушыларға сөзжасам, олардың жасалу жолдары, синоним, антоним, есімдік түрлерін, үстеудің жазылу емлесін жақсы деңгейде меңгертіп, тестілеу кезінде оқушылар шылаусыз сабақтастықтардың тыныс белгісін, олардың түрлерінен, күрделі сөздердің байланысу тәсілдерін толыққанды қолдана алатын деңгейге жеткізді. Орта балл12,5. 11а сынып 12,7 балл, 11б сынып 12,4 балл. Мұғалім болашақта оқыту сапасы мен оқушының білім сапасын үздіксіз байланыста ұстау керек деп есептеймін.

Қазақстан тарихы пәнінен ҰБТ қорытындысында пәннің орта оқытылуы стандарттың оңтайлы деңгейін байқатты. Жылдық қорытындымен салыстырғанда оқушылар прогрессті байқатты. Мұғалім Манен Б. Бектемисова С.Ч. оқушылардың жеке бас ерекшелігін ескеріп, әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарай отырып соңғы нәтижеге бағыттай оқыту үрдісін жетілдіруде деңгейлі бағдарлама модульдерін тиімді қолдана алды. Соның нәтижесінде оқушылар тарихи құбылыстар мен негізгі мәліметтерді, олар 1990ж. құрылған азаматтық қозғалыс, Ж.Баласағұн еңбегі, шеп атаулары, тарихи сөздер мағынасы, уақытша ереже туралы деректерді жақсы меңгерді. Дегенмен, тарихтан мұғалімдерге, оқушылардың білім беріктігін қамтамасыз ету жолдарын әлі де жүйелеу қажет деп есептеледі. Тестте орта балл 17,1 болды. 11а сынып 17,9; 11б сынып 16,7 баллды көрсетті.

Математика пәнінен оқушылардың оқытылуы ҰБТ қорытындысы бойынша мемлекеттік стандарттың жеткілікті деңгейді құрап, ортақ ұпай 13,1 болып, білім сапасы 62% көрсетті. 11а сынып 14,1 балл; 11б сынып 12,6 балл. Пән мұғалімдері

 

Сабитова М. Әріпбай Н. Мұғалімге оқушылардың математикадан білім сапасын тексеруге, нақтылауға бағытталған ағымдық, қалдық, білім бөлшегін тексеру, бақылаулар мен жазба жұмыстарын үздіксіз ала отырып, типтік қателермен жүйелі жұмыс жасап, даралап - саралап оқытуды жетілдіру керек. Сондай-ақ, оқушылардың пәнге қызығушылығын, ой белсенділігін арттыруға бағытталған логикалық тапсырмалар жүйесін жетілдіріп, сыныптан тыс сабақтарды іс-тәжірибесіне кеңінен енгізу қажет.

Биологиядан 17 оқушы таңдау пәні ретінде ҰБТ тапсырды, Пән мұғалімі Карипбаева А:Е. Жыл бойында оқушыларға пән бойынша өсімдіктердің құрылысы, қызметі, жануарлардың түрлері, тіршілік әрекеттері, адам анатомиясы, физиологиясы, гигиенасы, жалпы биология негіздері тарауларын, экология негіздері, қоршаған орта сапасына бақылау жасау мониторингтік жүйесі, биосферадағы аймақтар тарауларын меңгерткен. Мұғалім жыл көлемінде оқушымен жеке жұмыс түрлерін жоспарлы жүргізіп, оқушының білімді өзіндік игеруіне, тапсырмаларды топтарда талқылап пікір айта білуге бағыттай алған. Нәтиже. Орта балл 14, білім сапасы 47.

Физика пәнінен 6 оқушы ҰБТ тапсырып, ортақ ұпай 14,5 болып, білім сапасы 83%, 11а сынып 11,5 балл, мұғалімі Садуақасова С. 11б сынып 16 балл. Мұғалімі Жексембекова Қ. ҰБТ нәтижесі бойынша оқушылардың оқытылуы сынаулы деңгейді көрсетті. Пән мұғалімдері оқушыларға оқу жылы барысында төмендегідей тақырыптар меңгертті: еркін түскен дене биіктігін есептеу, жол мен орын ауыстыруды табу, толқын түрін шығару, Кулон заңы бойынша арақашықтықты табу, бастапқы жылдамдықты табу, ауырлық күшінің жұмысы, шашыраңқы линзадағы оптикалық осьіне параллель келген сәулелер. Болашақта мұғалімдерге тест кезіндегі кемшіліктерді ескере отырып оқушы біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында білімді жан-жақты терең игерту және жаңаша ойлауға бағыттау арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту жұмыстарын жалғастыру керек.

Географиядан 1оқушы таңдау пәні ретінде ҰБТ тапсырды. Орта балл 20. Мұғалім географиядан негізгі орта мектеп курсы бойынша тақырыптардың меңгерілуін назарда ұстаған. Мұғалім Елшібекова А.Қ. оқушылардың әлеуметтік-бағдарлы географиялық білім жүйесін қалыптастыруда деңгейлі бағдарламаның модульдерін сабақтарға ықпалдастыру арқылы жүзеге асыруды жетілдіру керектігі анықталды.

Қазақ әдебиеті пәнінен 2 оқушы ҰБТ тапсырып, 14 балл, 50% білім сапасын көрсетті Сондықтан мұғалімге оқушылардың қабілеттерін ескеру арқылы, оқытудың инновациялық әдістерінің тиімділігін жетілдіру керек

Ағылшын тілі пәнінен 1 оқушы. Пән мұғалімі Сарбасова Б.М. Орта балл 21, білім сапасы 100%.Келесі оқу жылында Сарқан ауданының әкімдігінің 2015-2016 оқу жылындағы ҰБТ- ның қорытындысы туралы қаулысын, аудандық білім бөлімінің ҰБТ қорытындысы негізіндегі кемшіліктер бойынша іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып келесі оқу жылына атқарылатын жұмыстарды жоспарлау қажет.

 

 

Кеткен кемшіліктерді ескере отырып атқарылатын жұмыстар

- 2016-2017 оқу жылына ҰБТ-ға дайындаудың жаңа жолдарын белгілеу

- Пән мұғалімдерімен , сынып жетекшілерімен, психологтармен бірлескен семинарлар өткізіп тиімді әдіс-тәсілдерді қарастыру

- Ата-аналарға,оқушыларға кәсіптік бағдар беру жұмысын қолға алу

- Оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға, ізденіп оқуға бейімдеу

- Әкімшілік тарапынан ҰБТ –ға дайындықты қадағалап, жүйелі жұмыстың жүргізілуін басшылыққа алу

- Жоспар бойынша жүйелі жұмыс жасап,әр пән мұғалімі өз жұмысына талдау жасап отыру

 

Категория: ҰБТ туралы

 
 

Оқушылардың аудандық пән олимпиадасына қатысу деңгейі

Автор: admin от 12-04-2017, 04:27, посмотрело: 151

0
 

Оқушылардың аудандық пән олимпиадасына қатысу деңгейі

Оқу жылы

Бала саны

І орын

ІІ орын

ІІІ орын

% көрсеткіш

1

2012-2013

37

2

13

7

61

2

2013-2014

43

5

12

6

53

3

2014-2015

44

7

12

10

65,9

4

2015-2016

46

3

12

16

67,4

5

2016-2017

47

8

13

10

69

2014-2015оқу жылы облыстық пән олимпиадасы жеңімпаздары

Аты-жөні

пәні

орны

1

Сембай Аружан

Құқық

ІІІ

2

Дүйсенбай Таңшолпан

Орыс тілі

ІІ

3

Нұрмұқанбет Ердос

Орыс тілі

ІІІ

4

Абеуова Аяулым

Ағылшын тілі

ІІІ

5

Темірхан Ақерке

Ағылшын тілі

ІІІ

2015-2016 оқу жылы облыстық пән олимпиадасы жеңімпаздары

Аты-жөні

пәні

орны

1

Төлебек Талант

математика

ІІІ

 


Категория: Олимпиада жүлдегерлері